Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада іскерлік этика, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік тұжырымдамалары, сондай-ақ көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу қағидалары қарастырылады. Халықаралық және отандық тәжірибені талдап қорыту негізінде қоршаған ортаны қорғау міндеттемелерін корпоративтік қызметке енгізудегі негізгі қиындықтар анықталып, ықтимал шешімдер ұсынылады. Бұл тақырып өзектілігінің себебі – климаттың өзгеру қарқындылығы және оның кесірінен болып жатқан жаһандық жылынуды шектеу және тежеу мақсатындағы халықаралық қауымдастықтың бизнеске көрсететін қысымның артуы. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың бар екеніне қарамастан, өздерінің әлеуметтік және моральдық жауапкершілігін сезінетін компаниялар қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған экологиялық міндеттемелерді ерікті түрде қабылдайды. Төмен көміртекті экономикалық даму парниктік газдар шығарындыларын азайту, энергия тиімділігін арттыру және орнықты технологияларды енгізу сияқты кең ауқымды карбонсыздандыру шараларын қамтиды. Экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын корпоративтік стратегияларға енгізу бірқатар қиындықтарды тудырады, соның ішінде экономикалық (қосымша шығындар, экологиялық шығындарды есепке алу механизмдерінің белгісіздігі), құзыреттілік (мамандандырылған білімнің, технологияның және білікті персоналдың жетіспеушілігі) және этикалық мәселелер. Ерекше назар «гринвошинг» құбылысына аударылады. «Гринвошинг» – компаниялардың өздерін қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мекеме деп жариялап, бірақ экологиялық тұрғыда нақты әрекет етпеу тәжірибесі. Бұндай тәжрибе ұйымның беделіне нұқсан келтіру және теріс қоғамдық реакция қаупін тудырады. Мақалада мәселенің салдары мен ауқымын көрсететін халықаралық «гринвошинг» тәжірибелерінің мысалдары келтірілген. Зерттеу нәтижелері корпоративтік экологиялық жауапкершілікті дамытуға кешенді тәсілдің қажеттілігін көрсетеді, оның ішінде этикалық стандарттар, ашық есеп беру және инновациялық карбонсыздандыру шараларын қолдану.</jats:p>

Show More

Keywords

және экологиялық корпоративтік қоршаған әлеуметтік

Related Articles