Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада Донской тау-кен байыту комбинатының (ДГОК) кедейленген хромдық хвостарын КПФШ-50 типті отсадкалық кешендерді қолдана отырып қайта өңдеудің тиімді технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу бойынша жүргізілген кешенді зерттеулер мен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелері келтірілген. Хромит кендерін байыту нәтижесінде жинақталған көлемі шамамен 3 млн тоннаны құрайтын, құрамында Cr₂O₃ мөлшері 15–25 % болатын хвостар екінші реттік шикізаттың маңызды көзі ретінде қарастырылумен қатар, іргелес аумақтарға елеулі экологиялық жүктеме түсіреді. Хромды бөліп алу тиімділігін арттыру мақсатында отсадка процесінің негізгі технологиялық параметрлері оңтайландырылды, оның ішінде пульсация жиілігін 2,0–2,5 с⁻¹ дейін арттыру, стандартты електерді саңылау ені 3 мм болатын саңылаулы електерге ауыстыру, сондай-ақ технологиялық судың шығынын реттеу жүзеге асырылды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар Ақтөбе ферросплав зауыты базасында фракциялық құрамы 5–10 мм болатын хвостарды өңдеу арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Cr₂O₃ оксидінің алынуы 73,1 %-ға дейін жетіп, құрамында Cr₂O₃ мөлшері 35–51 % болатын, ферросплав өндірісінің балқыту цехтарының шихта талаптарына сәйкес келетін концентрат алынды. Әзірленген технологияның қайталанғыштығын бағалау мақсатында Ақсу ферросплав зауытында бақылау сынақтары жүргізіліп, онда Cr₂O₃ алынуы 66,7 % деңгейінде қамтамасыз етілді. Технологияны өнеркәсіптік ауқымда енгізуден күтілетін есептік экономикалық тиімділік 21 млн АҚШ долларынан асады. Ұсынылып отырған технология техногендік қалдықтарды стратегиялық минералдық шикізат санатына көшіруге мүмкіндік беріп, ресурсты үнемдеу және циркулярлық экономика қағидаттарына толық сәйкес келеді.</jats:p>

Show More

Keywords

cr₂o₃ болатын ферросплав байыту және

Related Articles

PORE

About

Connect