Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазақ поэзиясындағы метафоралық қолданыстардың дәстүрлі және авторлық қырлары Т. Айбергенов өлеңдері негізінде талданады. Зерттеудің өзектілігі метафораның тілдің семантикалық жүйесін байытудағы, көркем мәтіндегі бейнелілік пен әсерлілікті күшейтудегі қызметімен, сондай-ақ ақынның дүниетанымын танытатын когнитивтік механизм ретіндегі табиғатымен айқындалады. Теориялық негіз ретінде қазақ тіл білімінде метафора мәселесін алғаш терең әрі жүйелі қарастырған Б. Хасановтың тұжырымдары басшылыққа алынып, метафораның «екі зат пен құбылысты салыстыру арқылы сөздің ауыс мағынада қолданылуы» екені негізгі анықтама ретінде қабылданды. Сонымен қатар І. Кеңесбаевтың ұлттық-тілдік ерекшелікке қатысты пайымдары, А.Б. Салқынбай мен Е. Абақанның лингвистикалық анықтамалары, метафораның сөзжасам және терминдену үдерістеріндегі рөлі жөніндегі Б. Қасым, Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы, Ш. Құрманбайұлы еңбектеріндегі пікірлер зерттеу бағытын толықтырды. Зерттеу материалы ретінде Т. Айбергеновтің өлең мәтіндерінен іріктелген метафоралық бірліктер алынып, сипаттамалы, семантикалық және контекстік талдау әдістері арқылы қарастырылды. Нәтижесінде ақын поэзиясында дәстүрлі тілдік метафоралар ұлттық танымға жақын тұрақты бейнелерді қалыптастырып, оқырманмен эмоционалдық байланыс орнататыны, ал авторлық метафоралар ақынның дара эстетикалық әлемін, тың ассоциациялық ойлауын және когнитивтік бейнелеу мүмкіндігін танытатыны анықталды. Мақалада дәстүрлі метафора мен авторлық жаңашылдықтың өзара сабақтастығы мен айырмашылықтары жүйеленіп, Т. Айбергенов поэзиясындағы метафораның семантикалық әрі көркемдік қызметі нақтыланады.</jats:p>

Show More

Keywords

және метафораның мен дәстүрлі авторлық

Related Articles

PORE

About

Connect