Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісінде цифрлық платформаларды қолданудың теориялық негіздері мен практикалық артықшылықтары жан-жақты қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар оқытудың инновациялық бағыты ретінде дәстүрлі әдістерді толықтырып, оқу мазмұнын жаңартуға мүмкіндік береді. Олар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, күрделі физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды көрнекі, нақты әрі түсінікті түрде меңгеруге жағдай жасайды, сонымен қатар білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.Мақалада оқу процесінде кеңінен қолданылатын PhET және Efizika сияқты виртуалды зертханалардың рөлі айқындалады. Бұл платформалар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, оқушыларға тәжірибелерді қауіпсіз, ыңғайлы және қолжетімді виртуалды ортада орындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың ғылыми қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.Сонымен қатар, Quizizz, Kahoot және Spinnerwheel сияқты интерактивті платформалардың оқу үдерісіндегі тиімділігі талданады. Аталған құралдар білімді жедел тексеруге, нақты уақыт режимінде кері байланыс алуға және ойын элементтері арқылы сабаққа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Мұғалім үшін бұл платформалар оқу нәтижелерін бақылауға, саралауға және жалпы оқыту сапасын арттыруға тиімді жағдай туғызады.</jats:p>

Show More

Keywords

және оқу Бұл оқыту цифрлық

Related Articles