Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Жаһандану және қоғамдық құндылықтардың трансформациясы жағдайында қоғамның тарихи тәжірибесін ұғыну арқылы білім алушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Тарихи білім беру жүйесінде қоғамның өткенге деген ұжымдық көзқарасын бейнелейтін және тарихи сананың қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде тарихи жадыға жүгіну маңызды рөл атқарады. Бұл мақаланың мақсаты тарихты пәнаралық оқыту технологиясында тарихи жадыны пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктерін анықтау және оның білім алушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы байланысын теориялық тұрғыдан талдау. Мақалада ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау, салыстырмалы-тарихи талдау және педагогикалық модельдеу әдістері қолданылады. Тарихи жады мен ұлттық бірегейлікті зерттеудің негізгі тәсілдері, сондай-ақ пәнаралық оқыту арқылы олардың білім беру үдерісіне интеграциялану мүмкіндіктері қарастырылады. Тарихи жадының үлгісі ретінде Семей сынақ полигонының тарихы Қазақстанның қоғамдық жадындағы ең маңызды оқиғалардың бірі ретінде талданады. Осындай тарихи оқиғаларды білім беру үдерісіне енгізу тарих, физика, биология, химия, география және қоғамтану пәндерінен алған білімдерін байланыстыра отырып, өткен тарихи оқиғалар мен олардың қоғамға тигізген салдарын кешенді зерделеуді көздейді. Мақалада тарихты пәнаралық оқытуда тарихи жадыны қолданудың әдістемелік моделі ұсынылған, сонымен қатар оқу сабақтарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген. Тарихи оқиғаларды зерделеуде, білім алушылардың тарихи санасын дамытып, олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуға байланысты пәнаралық оқытудың әдіснамалық және педагогикалық әлеуеті баяндалған.</jats:p>

Show More

Keywords

тарихи және білім ұлттық Тарихи

Related Articles

PORE

About

Connect