Abstract
<jats:p>Мақалада этнографиялық лексиканы оқыту арқылы білім алушылардың лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінде ұлттық кодты, тарихи ақпаратты және тілдік мәдениетті сақтай отырып, лингвомәдени білім кеңістігін дамыту қажеттілігімен айқындалады. Зерттеу барысында жасырын сауалнама, деңгейлік тест, бақылау, сұхбат, квазиэксперимент пен сандық, сапалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде білім алушылардың этнографиялық атауларды тану, семантикасын түсіну, контексте дұрыс қолдану, ұлттық мазмұнын пайымдау көрсеткіштерінің артқаны байқалды. Эксперименттік сыныптарда этнографиялық бірліктерді тану – 84%, лингвомәдени құзыреттілік – 87%, жазбаша және ауызша тілдік дағдылардың қалыптасуы – 86% деңгейінде анықталып, бақылау сыныптарына қарағанда жоғары нәтиже көрсетті. Қорыта айтқанда, этнографиялық лексиканы оқыту білім алушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, лингвомәдени құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.</jats:p>