Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі таңда орта білім берудегі гендерлік мәдениетті зерттеуге, қалыптастыруға бағытталған отбасылық және гендерлік жобаларды іске асыру мәселесі өзекті. Бұл зерттеу 2005-2025 жылдар аралығында Web of Science дерекқор базасында «гендер», «гендерлік мәдениет», «гендерлік рөл», «гендерлік норма», «гендерлік сәйкестік» сөздері негізінде жарияланған жарияланымдардың библиометриялық талдауын ұсынады. Библиометриялық талдау VOSviewer бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып, келесі негізгі көрсеткіштер қарастырылды: жылдар бойынша жарияланымдардың динамикасы, елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастық, авторлар мен ұйымдардың бірлескен еңбектері, авторлар арасындағы дәйексөз байланыстары және кілт сөздердің жиі кездесуі. VOSviewer көмегімен алынған мәліметтер ғылыми байланыстар мен серіктестік желілерін визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері деректер базасында айтарлықтай өзгерістердің бар екенін көрсетті. Зерттеу тақырыбына ықпал ететін баспа - «Taylor &amp; Francis», ал «Frontiers in Psychology» жетекші журнал болып табылады. Гендерлік мәдениет мәселесін зерттеген жетекші авторлар - Heilman M.E., Mahalik J.R., ал АҚШ жарияланымдар саны бойынша көшбасшы. Зерттеу тақырыбы бойынша авторлар арасындағы ынтымақтастық серіктестік талдаулары жүргізіліп, L.Baezconde-Garbanati, N.Greenberg, B.Derks және т.б. авторлар арасында ынтымақтастық анықталды. «New York University» ұйымы зерттеу мәселесі бойынша ең көп жарияланым жасаған, жетекші ұйым болып табылды. Зерттеу тақырыбы аясында анықталған кілт сөздер ғылыми жарияланымдардың негізгі тақырыптық бағыттарын құрап тұр. Түрлі түстермен бөлінген кластерлер анықталды, бұл зерттеу тақырыбының кеңдігін көрсетеді. Зерттеу барысында анықталған нәтижелер гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға негіз бола алады.</jats:p>

Show More

Keywords

гендерлік авторлар бойынша Зерттеу және

Related Articles