Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақала қазақ тілін функционалды бағытта оқыту аясында ыңғайластық қатынасты теориялық және лингводидактикалық тұрғыдан сипаттауға арналған. Зерттеуде функционалды синтаксис ұстанымына сүйеніп, синтаксистік қатынас компоненттердің формалық байланысымен ғана емес, олардың семантикалық корреляциясы мен мәтіндегі коммуникативтік қызметі арқылы айқындалатыны негізге алынды. Талдау «мағынадан – құрылымға» қағидаты бойынша жүргізілді. Материал ретінде қазақ тілі оқулықтарындағы құрмалас сөйлем тақырыптарына қатысты ереже, мысал, мәтін және тапсырмалар іріктеліп, «ереже–мысал–жаттығу» сәйкестігі, құрылымдық өлшемдердің сақталуы және деңгейаралық сабақтастық критерийлері бойынша бағаланды. Талдау нәтижелері бірқатар оқулықтарда функционалдық сабақтастықтың әлсіздігін, мысал мен тапсырма арасындағы сәйкессіздіктерді және құрмалас сөйлемнің предикативтік негізін түсіндірудегі олқылықтарды көрсетті. Осыған байланысты ыңғайластықты деңгейаралық сабақтастықпен меңгертетін әдістемелік модель ұсынылып, оқу әрекеттері тану, функционалдық түсіндіру, түрлендіру, мәтін өндіру және рефлексия кезеңдері арқылы нақтыланды. Ұсыныстар грамматикалық білімді мәтін құрау тәжірибесімен ұштастырып, функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған.</jats:p>

Show More

Keywords

және мәтін функционалдық қазақ функционалды

Related Articles

PORE

About

Connect