Abstract
<jats:p xml:lang="kk">А.Кемелбаеваның шығармашылығы қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизмнен кейінгі (пост-постмодернизм) кезеңнің айқын үлгісі болып танылады. Кейіпкерлердің экзистенциалды ізденістері, сонымен бірге фольклорлық, мифтік элементтердің суреттелуі символдық образдардың заманауи контексте жаңа мағынаға ие болуын көрсетеді. Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасындағы «пост-постмодернизм» жаңа әдеби тенденция ретінде талданған. Мақаланың негізгі бағыттары қазіргі қазақ прозасындағы жаңашылдықтарды көрсету, әдеби үдерістегі Айгүл Кемелбаева прозасының маңыздылығын айқындаумен байланысты. Қаламгер А.Кемелбаева туындыларында ғаламдық контексті, атап айтар болсақ, урбанизм мен технологиялық даму, виртуализм сынды тақырыптарды ұлттық дүниетаным аясында интеграциялайды. Зерттеудің ғылыми маңызы қазіргі қазақ прозасындағы пост-постмодернизм құбылысын А.Кемелбаева прозасында талдап, әдеби таным аясында жаңа көзқарас қарастыру. Ал практикалық маңызы А.Кемелбаева прозасындағы жаһандық контекстегі ұлттық дүниетаным көріністерінің берілу ерекшеліктерін айқындауда көрінеді. Зерттеу әдістемесі ретінде интермәтінділік талдау, интерпретациялық талдау, салыстыру, жинақтау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында А.Кемелбаева прозасындағы пост-постмодернизм белгілері: мәтін деконструкциясы, глокализация құбылысы, нарратор тақырыбы сынды ұғымдар анықталды. Негізгі нәтижелер ретінде қазіргі қазақ прозасындағы негізгі әдеби тенденцияның жаһандық контекстпен тікелей байланысы айқындалып, көркем прозаны кешенді талдау мүмкіндіктері беріледі. Мақала пост-постмодернизм теориясы мен практикасын А.Кемелбаева прозасы арқылы қарастыру қазіргі қазақ прозасындағы жаңа зерттеу арнасын қалыптастырады. Жүргізілген зерттеу қазіргі қазақ прозасындағы жаңашылдықты, жаһандану дәуіріндегі ұлттық дүниетанымның маңызын, көркем прозада суреттелу ерекшеліктерін сипаттап, қазіргі қазақ прозасындағы тенденциялардың зерттелуіне теориялық, практикалық үлесін қосады.</jats:p>