Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p xml:lang="kk">Бұл мақалада Қожа Ахмет Ясауи мен Мәулана Жәләл әд-Дин Руми шығармашылығындағы сопылық дүниетаным ғылыми тұрғыда талданады. Зерттеуде екі ойшылдың еңбектерінің ислам өркениетінде сопылық философияны қалыптастырудағы орны айқындалады. Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі» түркілік ортада сопылық ойдың таралуына ықпал еткені көрсетіледі. Мәулананың «Мәснәуи» және «Диуани Кәбир» еңбектері арқылы сопылық ілім жаңа деңгейге көтерілгені дәлелденеді. Екі тұлғаның дүниетанымы адам мен Жаратушы арасындағы махаббат, рухани тазару және кемелдікке жету идеяларымен сипатталады. Авторлар қоғамдағы татулық пен бірліктің сопылық ілім арқылы нығаятынын негіздейді. Жеке тұлғаның рухани дамуы әлеуметтік тұрақтылықпен сабақтас екендігі айтылады. Ясауи ілімі тіл, мәдениет және география ұстанымдарына негізделген өркениеттік бағдар ретінде қарастырылады. Мәулананың философиясында махаббат метафизикасы және рухани жетекшілік әдісі ерекше орын алады. Мақалада екі ойшылдың сопылық көзқарастарының өзара сабақтастығы салыстырмалы талдау негізінде ашылады. Сонымен бірге, олардың пайғамбарлық жолды рухани кемелдік үлгісі ретінде қабылдағаны атап өтіледі. Ахмет Ясауи мен Мәулананың еңбектері әдебиет, музыка, мәдениет және әлеуметтік ой тарихымен байланыста қарастырылған. Түркілік дәстүрдің Анадолы сопылық мектебіне ықпалы сарапталады. Мақалада сопылық тәжірибелердің әлеуметтік қарым-қатынастарға тигізген ықпалы да көрсетіледі. Қорытындысында Ясауи мен Мәулананың сопылық мұралары бүкіл мұсылмандық кеңістікте маңызды рухани бағдар болғаны түйінделеді.</jats:p>

Show More

Keywords

сопылық және рухани Ясауи мен

Related Articles

PORE

About

Connect