Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазіргі білім беру кеңістігіндегі тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылады. Зерттеуде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген мазмұны мен құрылымы талданып, оны білім беру процесіне енгізудің тиімді әдіс-тәсілдері сипатталады. Автор тәрбие жұмысын жоспарлаудың біртұтас тәсілін оқу процесінің ажырамас және толыққанды құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Сонымен қатар жас ұрпақтың адамгершілік, отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің маңызы айқындалады. Мақалада педагогтер мен сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік ұсыныстар ұсынылып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын іске асырудың тәрбиелік мүмкіндіктері ашып көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіруге және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.</jats:p>

Show More

Keywords

тәрбие білім беру жұмысын және

Related Articles

PORE

About

Connect