Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада қазақ аңыздарындағы киелі жануарлар культінің мифологиялық негіздері жанрлық және типологиялық тұрғыдан талданады. Киелі жануар бейнесі көркем сипаттан бөлек, архаикалық дүниетаным мен мәдени жадтың тұрақты символына айналғаны көрсетіледі. Зерттеуде көк бөрі, жылқы, киік, аққу, жылан, ит сынды жануарлар культінің фольклорлық мәтіндердегі мотивтік және семантикалық қызметі қарастырылады. Киелі жануарлар тотемдік түсінікпен, жебеуші рух концептісімен және табу–тыйым жүйесімен байланысады. Олар көбіне қорғаушы, жол көрсетуші, тыйым бұзушыға жаза беруші бейнелер арқылы танылады. Зерттеу барысында киелі жануарлардың «культ – мотив – функция» тізбегі арқылы аңыз мәтініндегі орны анықталып, олардың моральдық, символдық және тәрбиелік қызметтері талданады. Сонымен қатар түркілік және сібірлік халықтардың дәстүрімен салыстыру арқылы киелілік феноменінің әмбебап әрі локальдық сипаты ашылады. Киелілік туралы мифтер мен аңыздарда жануарлар әлем мен адам арасындағы медиатор ретінде де бейнеленеді. Мақалада дәстүрлі дүниетанымдағы синкретизм – тәңіршілдік, шамандық және исламдық ұғымдардың тоғысуы – киелі жануарлар мотивтерінің ұзақ сақталуына негіз болатын мәдени фактор ретінде қарастырылады. </jats:p>

Show More

Keywords

және жануарлар киелі мен арқылы

Related Articles

PORE

About

Connect