Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Нүсіпхан» атты дастанының жанрлық және көркемдік ерекшеліктері әдеби тұрғыдан талданады. Дастанның шығыстық, діни және фольклорлық үлгі тұрғысынан өзара үйлесімі ғылыми, әдеби жағынан зерттеледі. Ақын дастанындағы жанрлық және көркемдік ерекшеліктерді талдауда авторды зерттеуге бағытталған әдіс, жеке туындыны, оның мазмұны мен нысанын зерттеу әдістемесі әдісі қолданылды. Нәтижесінде дастанның жанрлық және көркемдік жағынан ерекше дастан екендігі анықталды. Дастандағы шығыстық хикая, фольклорлық табиғат, дін мәселесі және көркем поэзия арқылы бұл шығарма қазақ әдебиетіндегі көрнекті туындылардың бірі болып отыр. Шығармада ХІХ ғасырдың аяғындағы қазақ қоғамындағы адамгершілік пен имандылық, өмір мен өлім, тарих, дін мәселелері қамтылғаны талданады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тек ақын ғана емес, сонымен бірге ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы, шежіреші, дінтанушы, тарихшы екендігі аталған дастан арқылы анықталады. Дастан өзінің тақырыбы, мазмұны және жанрлық табиғаты жағынан шығыстық қисса дәстүрінде жазылғаны, сонымен қатар қазақ фольклоры үлгісіне тән ерекшеліктері бар екендігі байқалады. Мұндағы көтерілетін басты тақырып – жақсылық пен жамандық, адамгершілік пен ізгілік, өмір мен өлім, адамның тағдыры, дін мен иман. Автордың ұстанған мақсаты – адамзатқа өнеге беру, яғни адам баласының дұрыс өмір сүріп, имандылықты ұстануын, дінге берік болуын насихаттау болған. Нәтижесінде дастанның жанрлық негізі деректік екені оның көркемдік сипаты арқылы әдеби-ғылыми тұрғыдан талданды. Зерттеу жұмысының мақсаты – «Нүсіпхан» дастанының жанрлық және көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу, көркем мәтінмен жұмыс және көркемдік бейнелеу құралдарын әдеби және теориялық тұрғыдан талдау.  </jats:p>

Show More

Keywords

және жанрлық көркемдік қазақ мен

Related Articles

PORE

About

Connect