Abstract
<jats:p>Мақала түркі халықтарының ас дайындау мәдениетінің ағылшын тіліндегі аспаздық лексика арқылы әсерінің тарихи-лингвистикалық тұрғыдан талдануына арналады. Мақалада түркі тектес аспаздық терминдердің үнді-еуропа тілдеріндегі таралу жолдары, семантикалық және фонетикалық бейімделуі, сондай-ақ мәдени ықпалы қарастырылады. Зерттеуде түркі тектес тағам атауларының үнді-еуропа тілдеріндегі әлеуметтік-мәдени себептері және тарихи қолданыста қаншалықты жиі кездескені графикте талданады. Бұл зерттеу түркі тілдерінен енген аспаздық терминдердің, әсіресе дәмдеуіш атауларының ағылшын гастрономиялық контекстеріндегі орнын және оның мәдени маңызын анықтауға бағытталады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей «кебаб», «йогурт», «палау» және «шашлык» сияқты түркі аспаздық терминдерінің ағылшын тілінің лексикалық құрамына еніп, мәдени ықпалдастықтың маңызды көрінісіне айналғанын байқауға болады. Мақала түркі-ағылшын тілдік байланыстарының аспаздық лексика деңгейіндегі эволюциясын талдап, лингвомәдениеттану мен тарихи лексикология саласындағы маңызды мәселелерді ашады. Кейінгі жылдары түркі өркениетінің еуропалық мәдениетке, әсіресе тілдік деңгейде әсерін зерттеу лингвомәдениеттану, этнолингвистика және тарихи лексикология бағыттарында өзекті тақырыпқа айналып келеді. Бұл зерттеу мақаласы түркі халықтарының тағам мәдениетінің ағылшын тілінедегі әсерін, атап айтқанда тағамтану лексикасы арқылы жүзеге асқан мәдени байланыстарды талдауға арналады.</jats:p>