Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл жұмыста құрылыстық 3D-баспаға арналған тиімді ұсақ түйіршікті фибробетондарды әзірлеу бойынша зерттеу ұсынылған. Тұтқыр ретінде жартылай күлмен алмастырылған PC 400-D0 және PC 500-D0 маркалы портландцементтер пайдаланылды. Жарықшаға төзімділігін және иілгіштікті арттыру үшін құрамына полипропилен, полиэтилен және нейлон сияқты түрлі полимерлік талшықтар енгізілді. Зерттеудің мақсаты жоғары беріктілік сипаттамаларын сақтай отырып, қажетті ағымдылықты және пішін төзімділіктігін қамтамасыз ету үшін бетон қоспасының құрамын оңтайландыру болып табылады.Жүргізілген сынақтар реологиялық қасиеттерін, сығылу мен созылу беріктілігін, тығыздығы мен иілгіштіктік беріктілігін анықтауды қамтыды. Полипропилен талшықтарымен үйлесімде PC 500-D0 маркалы цементті қолдану сығылуға беріктілігі 50 МПа дейін арттыруды және созылуға беріктілігі бақылау құрамдарымен салыстырғанда 20%-ға дейін арттыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Күлдің ұнтағын қосу цемент шығынын төмендетуге және қоспаның ыңғайлы орналасуын арттыруға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер құрылыс материалдарының беріктігін арттыруды және өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ете отырып, құрылыстың аддитивті технологиялары үшін әзірленген қоспалардың перспективалылығын көрсетеді.</jats:p>

Show More

Keywords

және үшін қамтамасыз арттыруды 500d0

Related Articles

PORE

About

Connect