Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Ащы ермен (ащы ермен лат. Artemisia absinthium)- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, ермен туысына жататын көп жылдық тамырсабақты шөптектес өсімдік. Қазақстанда ермен туысының 84 түрі өседі. Қазақ гүл бапкерлері киелі ермен гүлін күрделі гүлдер тұқымадсына жатқызады. Көпжылдық шөптектес өсімдік деп біледі. Киелі ермен гүлінің биіктігі 20-45 сантиметр шамасында келеді. жер астындағы тамыр сабағы, көген тамыры көлденең өседі, ағаш тектес болып өзгереді. Тамыры топырақ түсті, иісі жағымды. Сабағындағы сансыз бұтақтары көлбей көтеріле өседі. Жалғыз сабақты болады. Қызыл күрең не жасыл түсті келіп, сыртында ақ түсті мақта тәріздес түктері болады. жапырақтары кезектесіп не қарама-қарсы орналасады, төңкерілген жұмыртқа формалы, қауырсын айырықты. Кішкентай жапырақтары таспа тәрізді, қандауыр формалы, сағақсыз. Қысқа бұтақтары сабақ бойында дөңгелене өседі. Шоқбас гүл шоғыры сабағына қолтықтай өсіп, жиі орналасады. Сыртынан қарағанда жұмырлау түтік тәрізді көрінеді. Гүлі кішкене, сары түсті. Қыркүйек, тамыз айларында гүлдейді. Гүл кездегі киелі ерменді қазақ малшылары «айжамал гүлді ермен», «гүл ермен», «ерменгүл» деп те атайды. Гүл ашқанда сұлулық, әсемдік шегіне жеткен кезі, дәрілік қуаты асқан кезі.</jats:p>

Show More

Keywords

ермен өседі түсті гүл күрделі

Related Articles