Abstract
<jats:p>Мақалада Шымкент қаласының урбанофлорасында жүргізілген зерттеулер негізінде өсімдіктердің қала ортасына әсері және өздерінің де осы жағдайларға бейімделу поцесстері қарастырылған. Қала жағдайында экологиялық ахуалды жақсартуда урбанофлораның маңызы зор. Қала урбанофлорасында канцерогенді заттар мен шаңды сіңіретін, оларға төзімді өсімдік түрлерін анықтау мен өсіру өзекті мәселе болып табылады. Себебі, өсімдіктер, әсіресе, ағаштәрізді өсімдіктер экоклиматты түзу, ауадағы заттарды тұндыру қызметтерін атқарады. Урбанофлораның қала ортасына әсері олардың ауаны тазалау, температуралық режимді реттеуге, топырақты қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтаудағы рөліне байланысты анықталады. Зерттеу нәтижелері бойынша төмендегі қорытындылар жасалды: қала ортасына бейімделу өсімдіктердің құрылысының көрсеткіштерінің өзгеруі арқылы жүреді, салыстырмалы түрде таза аулада өскен Сирень өсімдігінің лептесіктерінің саны – 162, ал автомагистраль бойында өсетін өсімдіктердің лептесіктерінің саны – 95 құрады; урбанофлора қала ортасының температуралық режиміне әсер етеді, өсімдіктер ауа температурасын 2-4 градусқа төмендетеді; өсімдіктер шаңды сіңіре отырып, ауаны тазартады, Сирень өсімдігінің жапырағының құрылыс ерекшеліктеріне байланысты қарағашпен салыстырғанда шаңды көбірек сіңіретіндігі анықталды.</jats:p>