Abstract
<jats:p>Мақалада органикалық химия курсының іргелі бөлімі болып табылатын «Алифатты қосылыстар» тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі білім алушылардың танымдық қабілеттері мен базалық дайындық деңгейлерінің әртүрлілігі жағдайында оқу процесін саралап ұйымдастыру қажеттілігімен негізделеді. Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы мен Блум таксономиясын интеграциялау негізінде «Алифатты қосылыстардың» құрылысы, номенклатурасы және қасиеттері бойынша тапсырмалар жүйесін әзірлеу және оның тиімділігін эксперименттік тұрғыдан дәлелдеу. Жұмыс барысында репродуктивтік, алгоритмдік және шығармашылық деңгейдегі тапсырмалардың білім алушылардың төменгі деңгейлі ойлау дағдыларынан жоғары деңгейлі ойлау дағдыларына кезең-кезеңімен өтуіне ықпал ететіні көрсетілген. Эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістеменің академиялық тосқауылы төмендетіп, ішкі оқу мотивациясын арттырудағы рөлін айқындады.</jats:p>