Abstract
<jats:p>Мақалада скринлайф жанры кино тілінің цифрлық дәуірге сай қалыптасқан жаңа нарративтік формасы ретінде қарастырылады. Скринлайф жанры экрандық интерфейстер, мәтіндік хабарламалар, браузер терезелері, әлеуметтік желі құрылымдары сияқты визуалдық және мәтіндік элементтердің динамикалық комбинациясына негізделіп, цифрлық коммуникацияның шынайы логикасын көркем кеңістікке енгізеді. Бұл жанр көрермен тәжірибесіне ықпал ететін интерактивтілік, дербес қабылдау, экран ішіндегі әрекетті тікелей бақылау сияқты жаңа әсер тудырады. Зерттеу барысында скринлайфтың теориялық негіздері, поэтикалық құрылымы, формалық ерекшеліктері және оның кино тілінің дамуындағы орны талданады. Сонымен қатар мақалада «Профиль», «Іздеу», «Достықтан шығу» фильмдеріне жүргізілген терең талдау негізінде скринлайфтың нарративтік, визуалды және мәтіндік құралдарының нақты көркемдік қолданысы көрсетіледі. Қазақ кино кеңістігіндегі скринлайф элементтерінің көрінісі жанрдың ұлттық киноға қосқан үлесін және цифрлық мәдениетпен байланысын түсіндіруге мүмкіндік береді. Скринлайфтың визуалды-композициялық шешімдері, мәтіндік экран композициялары және интерфейс арқылы жасалатын нарративтік байланыстар тұлғалық, мәдени және әлеуметтік мағыналардың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Мақала жанрдың теориялық дискурсында туындайтын өзекті мәселелерді талқылай отырып, скринлайф киносының қазіргі кинотанудағы зерттелу бағыттары мен болашақ даму бағыттарын айқындайды.</jats:p>