Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазақ кино өнерінің алыбы, режиссер Шәкен Айманов ұлттық кинематографияның негізін салушы, әрі әрбір фильмінде терең психологизм мен көркемдік эстетиканы үйлестіре білген тұлға. Оның фильмдеріндегі диалогтар – тек кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастың құралы ғана емес, тұтас нарративті дамыту, кейіпкерді ашу және көрерменге эмоциялық әсер ету тәсілі. Бұл мақалада Айманов фильмдеріндегі диалогтардың құрылымдық ерекшеліктері, олардың кино нарративіндегі орны, кейіпкердің мінезін ашудағы рөлі мен стилистикалық әдістері зерттеледі. Сонымен қатар, кино диалогтарындағы субтекст пен интертекст, постколониялық дискурс тұрғысынан жасырын мағыналардың берілуі талданады. Шәкен Айманов фильмдеріндегі диалогтардың типологиясы, кино диалогының нарративті және драматургиялық рөлі, кейіпкердің психологиялық бейнесін ашудағы ерекшеліктер, советтік кезеңнің цензурасы және астарлы мағыналар, постколониялық дискурс және жасырын интертекст секілді негізгі мәселелер басты назарға алынады. Мақалада Сара Козлофтың (2000), Паоло Браганың (2019), Хоми Бхабханың (1994), Мадина Тлостанованың (2012) еңбектеріндегі кинодиалог пен постколониялық теория негізінде талдау жүргізіледі. Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Алдар көсе» (1964), «Атамекен» (1966), «Тақиялы періште» (1969), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдерінің диалогтарынан мысалдар келтіріліп, олардың құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері сараланады.</jats:p>

Show More

Keywords

және кино Айманов фильмдеріндегі постколониялық

Related Articles

PORE

About

Connect