Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы интертекстуалдылық құбылысы Ю.Кристева, М.Бахтин, Р.Барт, Ж.Женетт сияқты теорияшыл ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Светқали Нұржан шығармашылығындағы тарихи, мифопоэтикалық, діни және мәдени кодтардың тоғысуын, олардың поэтикалық мәтіннің көпқабатты мағыналық құрылымын қалыптастырудағы рөлін айқындау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы интертекстуалдылықтың қазақ әдебиетінде ұлттық жадты сақтау, тарихи сабақтастықты жаңғырту, дәстүр мен модернді тоғыстыру құралы ретіндегі қызметін анықтаумен түсіндіріледі. Практикалық тұрғыдан алғанда, зерттеу нәтижелері қазіргі поэзия мәтіндерін филологиялық, мәдениеттанулық және семиотикалық аспектіде талдауға қолдануға мүмкіндік береді. Әдіснама ретінде мәтінтанулық талдау, салыстырмалы-типологиялық және мифопоэтикалық тәсілдер қолданылды. Интертекстуалдылықтың паратекст, гипертекст, метатекст түрлері жүйеленіп, нақты мысалдармен дәйектелді.Зерттеу нәтижесінде Светқали Нұржан поэзиясында тарихи тұлғалар (Махамбет, Күлтегін), мифологиялық бейнелер (Қыран, Жел, Нұх кемесі), діни сілтемелер (Құран аяттары, сопылық мотивтер), географиялық атаулар (Көкше, Баян-Өлгей, Қазығұрт) және классикалық мәтіндермен (Абай, шығыстық поэзия) байланыс көпқабатты көркемдік жүйе түзетіні анықталды. Қорытындылай келе, мақала интертекстуалдылықтың қазіргі қазақ поэзиясында тек эстетикалық емес, сонымен қатар тарихи-мәдени және рухани-идеялық қызмет атқаратынын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері әдебиеттану мен мәдениеттану салалары үшін теориялық және әдістемелік тұрғыдан құнды болып табылады.  </jats:p>

Show More

Keywords

және қазіргі қазақ тарихи Светқали

Related Articles