Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы модернистік айшықтар ғылыми тұрғыдан сараланады. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясындағы модернистік поэтиканың трансформациясын дәстүр мен жаңашылдық категорияларының шеңберінде зерделеу. Автор модернистік поэзияға тән белгілерді өлеңнің ырғақ жүйесі мен мазмұндық ерекшеліктерінің негізінде талдап көрсетеді. Осылайша, қазіргі модернистік поэзияға тән ең басты белгілерді қарастырады: ырғақтық-синтаксистік еркіндіктің күшеюі, өлең формалары вариативтілігінің кеңеюі, верлибр мен прозалық поэзияның қолданылуы, пунктуация мен графикалық шешімдердің эмоционалды-семантикалық рөлінің артуы т.б. Қазіргі ақындар шығармашылығындағы символдық, архетиптік және мифопоэтикалық құрылымдардың жаңаша интерпретациялануына ерекше назар аударылады. Мақалада шығармашылық ізденістерінде модернистік айшықтар айқын көрініс тапқан Г. Салықбай, Е. Дүйсен, Б. Беделхан, Ұ. Зарыққан, Ф.Төлтай және т.б. ақындардың өлеңдері талдау нысанына алынады. Автордың ішкі әлемінің терең қатпарларының көрініс табуы, уақыт пен кеңістіктің субъективті сипатта қабылдануы қазіргі қазақ поэзиясына тән сипаттар ретінде зерделенеді. Мақала қазіргі қазақ поэзиясын әрі әлемдік модернистік үрдістермен, әрі ұлттық дәстүрмен үндес күрделі көркемдік кеңістік ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

модернистік қазіргі қазақ мен тән

Related Articles