Abstract
<jats:p>Мақалада Құл-Керім Елемес поэзиясындағы діни-сопылық дүниетанымның көркемдік жүйесі мен идеялық негіздері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында ақын шығармаларындағы «бисмилләһ», «құлдық», «махаббат», «зікір» сияқты діни-рухани концептілердің мазмұны Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғанидың сопылық поэзия дәстүрімен салыстырыла талданды. Сондай-ақ қазақ рухани поэзиясының өкілдері Абай Құнанбайұлы және Мұқағали Мақатаев поэзиясыменсабақтастықта зерделенеді. Сонымен бірге сопылық ілімнің теориялық негіздерін терең түсіндіру мақсатында Ибн Сина, У.Читтик (The Sufi Path of Love), С.Х. Наср (The Garden of Truth), Л.Льюисон (The Heritage of Sufism) еңбектеріндегі идеялар ғылыми бағдар ретінде пайдаланылды. Мәтіндік, герменевтикалық және салыстырмалы талдау әдістері арқылы ақын шығармаларындағы илаһи таным, рух пен нәпсі тартысы, махаббат пен ақиқаттың тұтастығы секілді категориялардың поэтикалық табиғаты айқындалды. Зерттеу Құл-Керім Елемес поэзиясының рухани-философиялық мәнін алғаш рет кешенді түрде зерделеп, оның сопылық ойлау жүйесін қазіргі қазақ әдебиетінің рухани контексінде қарастырды. Ақын шығармаларындағы діни символдар мен сопылық категориялардың көркемдік қызметі ашылып, Ясауи дәстүрімен идеялық және эстетикалық сабақтастығы дәлелденді. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиетінде сопылық бағыттағы поэзияның қазіргі даму үрдісін тануға, рухани тақырыптарды ғылыми тұрғыда талдауға және әдеби дәстүр сабақтастығын айқындауға мүмкіндік береді.</jats:p>