Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Көкшетау өңіріндегі Зеренді елді мекенінде өмір сүрген кітаби ақындардың бірі – Ибраһим Тілеуқабылұлы. Ол Арғын тайпасының Қылды Қарауыл – Көмекей руынан шыққан. Ақынның көзі тірісінде жарық көрген еңбектері «Қазақ кітабының шежіресі (1807-1917)», «Қазақ кітаптары (1806-1917)» сияқты библиографиялық жинақтарға енгенімен, қазақ әдебиеті тарихында есімі елеусіз қалып келеді. И. Тілеуқабылұлының қос бірдей шығармасы – «Имам Ағзам қиссасы» және «Қожа Баһауддин хазіретлерінің қиссасы» – 1902 жылы Санкт-Петербургтегі ресми цензурадан өтіп, 1903 жылы Қазан қаласында басылып шыққан. Бұл мәліметтер аталмыш қиссалардың 1900-1901 жылдары жазылғанын аңғартады. Қазіргі таңда «Имам Ағзам қиссасының» жалғыз нұсқасы Мәскеудегі Ресей Мемлекеттік кітапханасында (қор. каз. 1/369), ал «Қожа Баһауддин хазіретлерінің қиссасы» Алматыдағы Ғылым ордасына қарасты Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында (қор №7718) сақтаулы.«Қожа Баһауддин хазіретлерінің қиссасы» араға 102 жыл салып, 2005 жылы жарық көрген «Бабалар сөзі» көптомдығының 16-томында жарияланғаны белгілі. Осы мақалада аталған қиссаның осы басылымдағы нұсқасы мен түпнұсқа мәтіні текстологиялық тұрғыдан салыстырылып, мазмұндық және авторлық ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, қазақ тілінде тұңғыш рет ғылыми айналымға ұсынылып отырған «Имам Ағзам қиссасының» мазмұны мен көркемдік-стильдік сипаты сараланып, автордың шығармашылық қолтаңбасы зерделенеді.Зерттеу барысында бұл діни қиссалар арқылы қазақ халқының дәстүрлі көзқарасы мен рухани дүниесі қалай бейнеленгені көрсетіледі. Сонымен қатар, Ибраһим Тілеуқабылұлының шығармаларының әдебиеттегі, мәдениет пен тарихтағы орны айқындалады.</jats:p>

Show More

Keywords

мен қиссасы қазақ Имам Ағзам

Related Articles

PORE

About

Connect