Abstract
<jats:p>Мақалада Қазақстандық Арал өңірі жағдайындағы күріш жүйелерінде жоғары әлеуеттік өнімді қамтамасыз ете алатын топырақ өңдеудің және азот тыңайтқышын енгізудің жетірілдірілген, ресурсүнемдегіш және тиімді технологиясын қолдану және маңыздылығын зерттеу нәтижелері келтірілген. Ауылшаруашылық өндірісінде ресурсүнемдегіш технологияларды қолдану, энергия тұтынуды төмендетудің қажетті факторы болып табылады. Суармалы егіншілікте мұндай технологиялар, топырақ құнарлылығын сақтауды және жақсартуды қамтамасыз етеді. Жерді өңдеудің заманауи жүйесінде және фосфор-калий минеральды тыңайтқыштары фонында пайдаланатын азот тыңайтқыштарының түрлері мен мөлшерлері, оларды енгізу тәсілдері мен мерзімдерінің топырақ құрамындағы азот режиміне, күріш дақылының өсуі мен дамуына әсер етеді. Өсімдіктің қарқынды дамуының әртүрлі фазаларындағы азоттың пайдаланылуы, азот тыңайтқышы әсерінен күріш өсімдігінің негізгі және қосалқы өнімімен шығуына және азот тыңайтқышының тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу егіншілік жүйесінің ең маңызды бөлігі болып табылады,оның үлесіне дәнді дақылдарды өсіру кезіндегі барлық энергетикалық шығындардың жартысына жуығы тиесілі. Бұл шығындарды өңдеу тереңдігін,өңдеу санын оңтайландыру және қуатты аз қажет ететін тәсілдерді пайдалану нәтижесін де азайтуға болады. Сондай-ақ жаңа топырақ өңдеуші құралдардың (қайтармалы соқалар, біріктірілген агрегаттар, себу кешендері) және егіншіліктің қуат үнемдеуші технологияларының өндіріске енуі нақты аймақтық жағдайларда бүкіл топырақ өңдеу жүйесін жетілдірілуді қажет етеді.</jats:p>