Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада трансшекаралық қауіп-қатерлердің, соның ішінде халықаралық терроризмнің, заңсыз көші-қонның және ұйымдасқан қылмыстың күшеюі жағдайында ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде заманауи көші-қон бақылау жүйелері талданады. Жеке тұлғаны сәйкестендіру, шекаралық бақылауды автоматтандыру және жалған құжаттарды пайдаланудың алдын алу үдерістеріндегі биометриялық технологиялардың рөліне ерекше назар аударылады. АҚШ, Еуропалық Одақ, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің тәжірибесі салыстырмалы түрде қарастырылып, реттеу модельдеріндегі, орталықтандыру деңгейіндегі, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен адам құқықтарын қорғау арасындағы арақатынастағы айырмашылықтар айқындалады. АҚШ үлгісінде ұлттық қауіпсіздік басымдығы, ЕО-да қауіпсіздік пен жеке құқықтардың теңгерімі, ал Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінде күшейтілген мемлекеттік бақылау басым екені көрсетіледі. Қазақстанның көші-қон саясатын жетілдіру перспективаларына да ерекше мән беріліп, заманауи технологияларды құқықтық кепілдіктермен үйлестірудің маңыздылығы негізделеді. Биометриялық жүйелердің тиімділігі мемлекеттің институционалдық кемелдігіне, дербес деректерді қорғау деңгейіне және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне тікелей байланысты екені тұжырымдалады.</jats:p>

Show More

Keywords

және пен қауіпсіздік халықаралық ұлттық

Related Articles

PORE

About

Connect