Abstract
<jats:p>Жаңа буындағы жоғары жылдамдықтағы сымсыз байланыс технологиялары киберқылмыстардың өсуіне ықпал етіп, мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Осыған байланысты 2024 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ құрылымында Киберқылмысқа қарсы іс қимыл департаменті құрылды. Дегенмен, елімізде киберқауіптерге қарсы күреске бағытталған кешенді стратегиялық бағдарлама жоқ. Бұл халықаралық тергеу әрекеттерінде процестік шектеулерге алып келіп және ҚПК қағидаттарын толық іске асыруға кедергі келтіреді. Себебі көптеген киберқылмыстар шетелдік юрисдикция шеңберінде жасалады. Осы зерттеу аясында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында келесі ұсыныстар әзірленді: 1) «Киберқауіпсіздік туралы» ұлттық заң қабылдау қажеттілігі; 2) киберқылмыстармен күрес жүргізетін халықаралық ұйым құру; 3) киберқылмыстық қауіп төнуі мүкін елдермен киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық тұралы шарт жасау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 560-бабының 1-тармағына сәйкес «Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартының талаптарына сәйкес жасайды», - делінген. Яғни, ықтимал жасалуы киберқылмыстар әлемнің кез келген нүктесінен жасалуы мүмкін деп пайымдасақ, онда мақалада ұсынылған барлық шаралардың аса маңызды екендігіне көз жеткіземіз.</jats:p>