Abstract
<jats:p>Бұл мақалада қойлардың көбею қабілеттері, сондай-ақ әртүрлі өнімділік бағытындағы қазақи қой тұқымдарын будандастыру арқылы алынған төлдердің жүн түсі мен құйрық пішінінің тұқым қуалаушылығы қарастырылған. Зерттеу жұмыстары «АқБас-Павлодар» және «Бепен» шаруашылықтарында жүргізілді. Өнеркәсіптік және зауыттық будандастыру әдістерін қолданатын эксперименттер қойлардың ұрықтану қабілетінің, төлдің жалпы шығымының және жүн түсі мен құйрық пішінінің фенотиптік әртүрлілігінің артқанын көрсетті. Ең жоғары көрсеткіштер «Бепен» шаруа қожалығында өнеркәсіптік будандастыру кезінде байқалды, мұнда қозының жалпы шығымы 107,9 % құрады. Зерттеу жұмыстар жүргізілген бақылау топтарында фенотиптік біркелкілікте болғанын, ал тәжірибелік топтарда сыртқы белгілердің айтарлықтай әртүрлілігі байқалғанын көрсетті, бұл гетерозиготалы әсерді және аталықтардың генетикалық параметрлерінің әсерін көрсетеді. Алынған нәтижелер будандастыру үлгілерін таңдауға сараланған тәсілдің қажеттілігін растайды: өнімділікті арттыру үшін өнеркәсіптік будандастыру және қалаулы тұқымдық белгілерді бекіту үшін зауыттық будандастыруды пайдалану тиімді екендігін көрсетті. Зерттеу қой малының генетикалық жаңаруының маңыздылығын атап көрсетеді және қалаулы тұқымдық белгілері бар жаңа тұқымішілік түрлерді жасау үшін болашақ асылдандыру бағдарламалары үшін құнды негіз болып табылады.</jats:p>