Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында белсенді қызмет атқарған Алаш қозғалысының қайраткері Мырзағазы Есполовтың публицис-тикалық қызметі жан-жақты талданады. Зерттеу нысаны ретінде оның «Қазақ», «Ақ жол» газеттері мен «Шолпан» журналында жарияланған мақалалары алынып, публицистикалық мұрасы саяси-тарихи контекст аясында қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Мырзағазы Есполов публицистикасының қалыптасу кезеңдерін, тақырыптық бағыттарын және қоғамдық ойды қалыптастырудағы рөлін айқындау. Мақалада Есполовтың публицистикалық қызметі хронологиялық тұрғыдан жүйеленіп, оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметімен сабақтастырыла талданады. Зерттеу барысында Мырзағазы Есполовтың 1915-1917 жылдары «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларында жер мәселесі, әлеуметтік теңсіздік, ағарту ісі, Бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында тылға алынған қазақ жігіттерінің ахуалы сияқты өзекті мәселелер көтерілгені көрсетіледі. Сонымен қатар мақалада Есполовтың 1917 жылы Земгор жанындағы бұратана бөліміндегі қызметімен байланысты жарияланымдары қарастырылып, оның сол уақыттағы қызметі мен баспасөздегі жарық көрген материалдарының өзара тығыз байланысы айқындалады. Мырзағазы Есполовтың мақала жазу кезінде қолданған бүркеншік аттары туралы мәселе мақалада арнайы қарастырылып, ғылыми тұрғыдан талданады. Зерттеудің маңызды бөлігі Мырзағазы Есполовтың Ташкент қаласындағы қызмет кезеңіне арналған. Бұл уақытта ол Түркістан Жер-су халық комиссариаты мен Түркістан Орталық Атқару Комитеті жүйесінде қызмет атқара отырып, жер-су мәселесі, аграрлық саясат және мал шаруашылығын дамытуға арналған талдамалық мақалалар жариялайды. Осы кезеңде оның публицистикасында ресми-аналитикалық сипат күшейіп, авторлық дискурстың қалыптасқаны анықталады.</jats:p>

Show More

Keywords

Есполовтың Мырзағазы оның қызмет публицистикалық

Related Articles

PORE

About

Connect