Abstract
<jats:p>Мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ресей империясы құрамындағы түркі-мұсылман қауымдарында орын алған интеллектуалдық жаңғыру үдерісі мен дәстүрлі білім беру жүйесінің реформалануы қарастырылады. Зерттеу жәдитшілдік қозғалысының қалыптасуы мен эволюциясын айқындай отырып, оның практикалық жүзеге асуының нақты үлгісі ретінде Хусаиновтар медресесінің қызметін тарихи-деректанулық әдістер негізінде талдайды. Зерттеу нысаны ретінде архив қорларында сақталған Хусаиновтар медресесінің оқу бағдарламалары, Жарғысы және педагогикалық кадрлар құрамына сүйене отырып, оның білім беру сапасы зерделенді.Алынған нәтижелер жәдиттік қозғалыстың қалыптасуы көпқырлы тарихи алғышарт-тардың, оның ішінде империялық басқару, өңірлік діни-рухани өзгерістер және жаһандық ықпалдар тоғысында пайда болғанын айқындайды. Осы контекст ішінде Хусаиновтар медресесінде дарынды шәкірттерді қажылық сапарына жіберу және олардың діни-ғылыми дайындық деңгейін арттыруға арналған арнайы ережелер жүйесінің қалыптасуы білім беру реформаларының нақты жүзеге асырылу жолдарын көрсетеді. Мұндай басқару және ұйымдастыру тетіктері оқу ордасының өңірлік шеңберден шығып, мұсылман әлемінің интеллектуалдық дәстүрлерімен тікелей байланыс орнатуға ұмтылғанын дәлелдейді. Сонымен қатар, Хусаиновтар медресесінің тәжірибесі білім беру реформаларының нақты іске асу жолдарын көрсете отырып, Орталық Азиядағы ислам модернизмі мен мұсылман қоғамындағы білім беру тарихын зерттеуде маңызды тарихи әрі ғылыми мәнге ие екендігін дәлелдейді.</jats:p>