Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада түркі дәуіріне тән тас мүсіндердің әскери-идеологиялық мазмұны мен семантикалық мәні қарастырылады. Түркі өркениетінің мәдени мұраларының бірі болып саналатын тас мүсіндер (балбалдар) сол дәуірдің дүниетанымдық, саяси және әлеуметтік құрылымын айқындайтын бірегей дереккөз. Тас мүсіндер тек өнер туындысы ғана емес, сонымен қатар қоғамның әскери құрылымы, билік иерархиясы және батырлық культінің көрінісі ретінде сипатталады. Мақалада археологиялық деректер, тарихи жазбалар мен мифологиялық символдар жүйесі талданды. Автор түркі қоғамындағы батыр бейнесінің идеологиялық мәнін, сондай-ақ оның мемлекеттілікті нығайтудағы рухани және тәрбиелік қызметін ашып көрсетеді. Зерттеу нәтижелері түркі өркениетінің әскери идеологиясын түсінуге, ежелгі қоғамның саяси және мәдени өмірін қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында түркі тас мүсіндерінің басқа ежелгі өркениеттердегі әскери мүсіндер-мен салыстырмалы талдауы жүргізілді</jats:p>

Show More

Keywords

түркі және тас әскери Мақалада

Related Articles