Abstract
<jats:p>Мақалада 1917-1941 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан өңірінде арнайы және кәсіби білім беру жүйесінің қалыптасу үдерісінің тарихи және әдістемелік аспектілері жан-жақты талданады. Зерттеудің мақсаты кеңестік кезеңдегі өңірлік кәсіби-техникалық білім беру жүйесінің дамуын, кадр даярлау жүйесінің ұйымдастырылуын және оқыту мазмұны мен әдістемесінің эволюциясын анықтау. Зерттеу барысында отандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері мен мерзімді басылым материалдары пайдаланылды. Бұл мәліметтер негізінде фабрика-зауыт училищелерінің, ауыл шаруашылық мектептерінің, техникумдар мен қысқа мерзімді курстардың ашылуы, өндірістік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі, аймақ экономика-сының қажеттіліктерімен өзара байланысы көрсетіледі. Алынған мәліметтер негізінде фабрика-зауыт училищелерінің, ауыл шаруашылық мектептерінің, техникумдар мен қысқа мерзімді курстардың ашылу динамикасы, өндірістік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі және олардың аймақ экономикасының қажеттіліктерімен өзара байланысы көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері Оңтүстік Қазақстандағы арнайы және кәсіби білім беру жүйесінің әлеуметтік-экономикалық даму мен ұлттық кадрлар қалыптастырудағы рөлін ғылыми тұрғыда негіздейді, сондай-ақ аймақтық білім беру тарихын жүйелеуге және қазіргі білім беру саясатын жетілдіруге теориялық негіз бола алады. Мақалада тарихи-салыстырмалы, жүйелік талдау, деректанулық және хронологиялық әдістер кешенді түрде қолданылды.</jats:p>