Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазақстанда кеңес үкіметінінің саясатына қарсы орын алған ірі шаруалар көтерілісінің бірі болған – Созақ көтерілісі еді. Кеңес үкіметінің зорлықшыл аграрлық саясатына қарсы туған Созақ көтерілісі – қазақ халқының еркіндікке, діни наным-сеніміне, дәстүрлі өмір салтына деген адалдығын көрсететін ірі тарихи оқиғалардың бірі. Мақалада көтерілістің шығу себептері, барысы, салдары және оның аймақтық ерекшеліктері қарастырылып, халық пен мал санына қатысты архив деректері, мал-мүлікті тәркілеу туралы шешімдер талдау нысанына айналдырылады. Автор көтеріліс тақырыбын игеруде оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, жергілікті тарих материалдарын ұлттық тарихпен ұштастырудың маңызын көрсетеді. Зерттеу барысында автор тарих сабағында оқушылардың тарихи ойлау, талдау, салыстыру, интерпретациялау және бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған әдістемелік үлгі әзірлейді. Оқыту үдерісінде цифрлық ресурстар, интерактивті тапсырмалар, кейс-стади, проблемалық оқыту, геймификация сияқты инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері талданып, тақырыпты меңгертудегі тиімді педагогикалық тәсілдер айқындалады. Мақала Қазақстан тарихы пәнін оқытуда тарихи деректерді кешенді пайдалану, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және Созақ көтерілісінің тарихи маңызын терең ұғындыруға бағытталған.</jats:p>

Show More

Keywords

тарихи Созақ және оқушылардың саясатына

Related Articles