Abstract
<jats:p>ХІХ ғасырдың 70-жылдары халықаралық қатынастарда Осман империясының Балқан провинциялары үшінсаяси мәселелер күшейді. Бұл кезеңде Осман империясына қарасты болған Болгария, Сербия, Босния және Герцеговина, Румыния сынды провинциялардың тәуелсіздігі мен автономиялық дербестігі жолында әлемдік империялар арасында дипломатиялық тартыс жүрді. Бұл мәселелер Англия, Ресей, Австро-Венгрия және Осман империясы арасында «Шығыс мәселесінің» аясында орын алды. Уақыт өте Балқан мәселелеріне осы кезеңде Еуропада күшейіп келе жатқан Германия араласа бастады. ХІХ ғ. 70-жж. Балқан мәселелері бойынша бірнеше халықаралық жиындар ұйымдастырылып, соның ең негізгісі 1878 жылы болған Берлин конгресі болды. Берлин конгресі Кайзерлік Германия канцлері Отто фон Бисмарк тарапынан ұйымдас-тырылды. Германияның Балқан мәселесіне қатысты саясатына байланысты Бисмарктің өзіндік ұстанымдары қалыптасты. Ғылыми мақалада, герман канцлері Отто фон Бисмарктің аталған кезеңдегі Балқан мәселесіне қатысты саяси ұстанымдары зерттеледі. 1878 жылы болған Берлин конгресінде герман канцлері Отто фон Бисмарктің Осман империясына және еуропалық империяларға деген саясаты ғылыми талдауға түседі. Сонымен қатар, конгрестің барысы мен нәтижелері және Бисмарктің саяси қызметі зерттеледі. Берлин конгресінде болған халықаралық мәселелер мен конгрестің герман-түрік байланыстарына ықпалы қарастырылады.</jats:p>