Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада 1920-1950 жылдар аралығындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі діни жағдай мен кеңестік кезеңдегі дінге қарсы саясаттың жүзеге асыру ерекшеліктерін сипаттайды. Зерттеудің ақпараттық талдау негізін Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивтің құжаттары құрайды. Архивтік материалдар негізінде ислам дінінің аймақ халқының рухани өмірде айтар-лықтай рөл атқарғаны және кеңестік идеологиялық қысымға бейімделе отырып сақталғаны анықталады. Ислам дінінің жағдайын, жергілікті діни дәстүрлердің сақталуы мен олардың уақыт өте келе өзгеру үрдістерін талдайды. Ислам діни дәстүрлермен қатар, зерттеуде аймақтың діни құрылымында православие, протестанттық, меннониттік, баптистік, Евангелист христиан-баптистік, елуінші күн, адвентистік, иудейлік және лютерандық қауымдар мұсылмандыққа қарағанда едәуір аз тараған және шектеулі әлеуметтік топтар шеңберінде қызметін жалғастырғанын көрсетеді. Олардың көпшілігі неміс, литва, украин, беларус ұлт өкілдерінен тұрды. Кеңестік оңтүстік өңірде православие және протестанттық дін осы этникалық топтардың өмірінде маңызды орын алып, олардың діни өмірінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде көрініс тапты. Зерттеу барысында кеңестік шектеулерге қарамастан діни бірлестіктердің сақталуы, олардың қоғамдағы орны мен даму динамикасы талданады. Мақалада қарастырылатын мәселенің өзектілігі қазіргі Қазақстандағы діни өмірдің қалыптасуына әсер ететін тарихи-мәдени, саяси және әлеуметтік фактолармен айқындалады. Соғыстан кейінгі кезеңде мешіттер мен шіркеулердің басым бөлігі ресми жабылды, бірақ діни қауымдастықтар өз қызметін бейресми түрде жалғастырады. Мұндай құбылыс аймақ халқының діни дәстүрге деген адалдығын және рухани сабақтастықтың үзілмегенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері Оңтүстік Қазақстанның діни кеңістігі көпконфессиялды, тарихи сабақтастығы мен діни төзімділік дәстүрлері берік сақталған өңір екенін дәлелдейді.</jats:p>

Show More

Keywords

діни және мен Оңтүстік кеңестік

Related Articles