Abstract
<jats:p>Бүгінгі білім беру жүйесінде цифрлық трансформация аясында дарындылықты анықтау мен қолдау ерекше маңызға ие болып отыр. Зерттеу барысында әлемдік және отандық тәжірибелерге талдау жүргізіліп, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетті ерте жастан айқындаудың білім сапасын арттыруға және жеке тұлғаның ақпараттық ортаға тез бейімделуіне ықпал ететіні анықталды. Ғылыми еңбектерге контент-талдау және модельдеу әдістерін қолдану нәтижесінде дарындылықты анықтау үдерісінің үш негізгі бағыты айқындалды: диагностика, қолдау стратегиялары және цифрлық құзыреттілікті дамыту. Зерттеу нәтижесінде цифрлық ортада дарындылықты анықтау мен қолдауды интеграциялауға бағытталған Smart-Talent Core («Зияткерлік дарын өзегі») моделі әзірленді. Бұл модель білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде оқушылардың әлеуетін бағалау, дамыту және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ұсынылған ғылыми нәтижелер дарынды балалармен жұмыс жүргізудің инновациялық тәсілдерін енгізу және білім беру процестерінің цифрлықтрансформациясын тереңдетуге бағытталған.</jats:p>