Abstract
<jats:p>Бұл мақала жоғары оқу орындарында (ЖОО) тұрақты даму күн тәртібін оқытудағы пәнаралық тәсілдің маңыздылығын және оны жүзеге асырудың тиімді әдістемелерін қарастырады. Тұрақты даму –бұл тек экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық аспектілерді қамтитын сала емес, олардың өзара байланысын және кешенді шешімдер қабылдауды талап ететін көп өлшемді ұғым. Сондықтан, тұрақты дамуды оқытудағы пәнаралық тәсіл студенттердің мәселені жан-жақты түсінуіне, қабілетін дамытуына және әртүрлі салалардағы тұрақты даму шешімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.Зерттеуші ғалымдар ТДМ-ны кешенді түсіну, студенттердің сыни ойлау қабілетін дамыту және оларды жаһандық мәселелерді шешуге дайындау үшін пәнаралық білімнің қажеттілігін негіздейді. Мақалада пәнаралық білім берудің теориялық негіздері, оны ЖОО-да қолданудың ерекшеліктері, сондай-ақ практикалық әдістемелер мен технологиялар талқыланады.</jats:p>