Abstract
<jats:p>Мақалада психолог-студенттерінің креативті құзыреттілігін қалыптастыру процесінде интегративті арт-терапияны қолданудың әдіснамалық негіздері қарастырылады. Отандық және шетелдік зерттеулерге теориялық талдау жүргізу арқылы «креативті құзыреттілік» ұғымының мәні нақтыланып, оның құрылымы когнитивті, эмоциялық-құндылық және іс-әрекеттік компоненттер арқылы анықталды. Құм терапия, изотерапия, сазбен жұмыс және кинотерапия сияқты арт-терапиялық әдістердің болашақ психологтардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы рөлі дәлелденді. Интегративті арт-терапия негізінде креативті құзыреттілікті қалыптастырудың мақсаты, мазмұндық-процессуалды, ұйымдастырушылық-технологиялық және бағалау блоктардан тұратын моделі ұсынылды. «Интегративті арт-терапия» атты арнайы курс әзірленіп, студенттердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Зерттеу қорытындысы бойынша интегративті арт-терапия студенттердің креативтілігін, кәсіби икемділігін және өзіндік рефлексиясын дамытуға ықпал ететіні анықталды. Мақала әдіснамалық сипатқа иеболып, ұғымдық аппаратты нақтылауға, модельді жасауға және студент-психологтарды даярлауда интегративті арт-терапияны қолданудың психологиялық-педагогикалық шарттарын негіздеуге бағытталған. Мақалада ұсынылған модель пилоттық зерттеу барысында апробацияланды.</jats:p>