Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада жоғары мектептегі диалогқа негізделген оқытудың сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың маңызды факторы ретіндегі рөлі қарастырылады. Зерттеуде қазіргі жоғары білім беру жүйесінде әлі де басымдық танытып келе жатқан дәстүрлі репродуктивті әдістен диалогқа негізделген оқытудың моделіне көшудің өзектілігі атап өтіледі. Бұл өзгерістердің қажеттілігін қазіргі әлеуметтік-конструктивистік теорияларға сүйене отырып негіздейді. Осыған сәйкес студенттер ақпаратты пассивті тұтынушылары емес, білімді бірлесіп іздестірудің белсенді қатысушылары ретінде әрекет еткен кезде оқыту үдерісі тиімді болады.Зерттеудің мақсаты –диалогқа негізделген оқыту тәжірибесінің деңгейі мен университет аудиториясындағы білім беру үдерісінің сапасы арасындағы өзара байланысты анықтау. Осы мақсатта университеттегі әдебиеттану сабақтарының бейне жазбаларына сапалы контент-талдау мен дискурстық талдау жүргізілді. Диагностикалық құрал ретінде диалогтік зерттеу құралының (IDI) шкаласы қолданылды. Зерттеу нәтижелері студенттердің танымдық белсенділігі мен пікірталасқа қатысуына тікелей байланысты диалогқа негізделген оқытудың төмен деңгейінен жоғары деңгейге дейінгі айқын ілгерілеуін көрсетті. Әсіресе, оқытушылар ашық сұрақтарды пайдаланып, рефлексия мен студенттер арасындағы ынтымақтастықты ынталандырғанда оң өзгерістер байқалды. Сапалық талдау сыни ойлауды дамытудың ең жоғарыкөрсеткіштері шынайы диалогтік өзара әрекет жағдайында, яғни сұрақ-жауап форматынан асып түскенде байқалғанын растады.Алынған деректерге сүйене отырып, авторлар білім беру үдерісінде диалогтік стратегияларды енгізу бойынша оқытушыларғанақты ұсыныстар ұсынады. Бұл білім берудегі өзара әрекеттесу сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар студенттерде аналитикалық және сыни құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Мақала жоғары білім беру жүйесін жетілдіру мәселелерімен айналысатын оқытушыларға, әдіскерлерге және зерттеушілерге арналған.</jats:p>

Show More

Keywords

білім жоғары диалогқа негізделген беру

Related Articles

PORE

About

Connect