Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Пайдалану қасиеттерінің деңгейі жоғары және өндірісі экологиялық таза төмен легирленген болаттарды алудың технологиялық процесін жетілдіру бойынша модельдеу мен эксперименттік зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Тұтынушылық қасиеттердің жоғары деңгейіне металды пештен тыс өңдеу кезінде болаттағы бейметалл қосындыларды азайту есебінен қол жеткізілді. Өндірістің экологиялылығы Al2O3 құрамы бар отқа төзімді материалдардың қалдықтары негізіндегі флюс түзетін қоспаны пайдалану есебінен қамтамасыз етілді. Бұл материал рафинирлеуші қождарды тұрақтандыруға, болат өндіру шығындарын азайтуға мүмкіндік берді, сондай-ақ балқытқыш шпаттың CaF2 алмастырғышына айналды. Пештен тыс өңдеу агрегаттарында флюс түзетін қоспаны пайдалану мүмкіндігін зерттеу үшін бірқатар металлургиялық кәсіпорындардың қож үлгілеріне талдау жасалды. Сынамалар шөміш-пеш агрегатында металды өңдеу процесі барысында алынды. Іріктелген қож үлгілерінің рафинирлеуші және физика-химиялық қасиеттерін бағалау қождар құрылымының полимерлік моделін пайдалана отырып, есептеу жолымен жүргізілді. Al2O3 құрамы бар отқа төзімді материалдардың қалдықтары негізіндегі қоспаның көмегімен рафинирлеуші қождарды тұрақтандыру мүмкіндігі расталды. Қождарға Al2O3 енгізу жоғары негізді қождарда жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні, қождардың беттік қасиеттерін жақсартатыны, отқа төзімді материалдардың беріктігін арттыратыны, металдың түйіршіктер (корольки) түріндегі шығынын және бейметалл қосындылардың мөлшерін азайтатыны көрсетілген. Әдебиетте келтірілген эксперименттік деректерді, сондай-ақ термодинамикалық есептеулерді пайдалана отырып, шөміш-пеш агрегатында металды өңдеу технологиясы тұрғысынан қождағы Al2O3-тің максималды рұқсат етілген мөлшері 30 %-дан аспайтыны анықталды. Зерттеліп отырған қоспамен модельдік қожды тұрақтандыру бойынша эксперименттер нәтижелері бұл жағдайда негізінен тұрақтандырудың химиялық әдісі іске асырылатынын көрсетті. Кілтті сөздер: болат, пештен тыс өңдеу, қож, шөміш-пеш агрегаты, фаза, флюс.</jats:p>

Show More

Keywords

өңдеу жоғары және металды тыс

Related Articles

PORE

About

Connect