Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада орта буын оқушыларына физиканы оқытуда геймификацияны қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Заманауи білім беру жүйесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және оқу жетістігін жақсарту мақсатында ойын элементтерін енгізудің теориялық және практикалық негіздері сипатталады. Авторлар геймификацияның мотивациялық, дидактикалық және тәрбиелік әсерін ғылыми деректермен дәлелдей отырып, өз тәжірибелерінен алынған нәтижелермен бөліседі. Зерттеу аясында 7-сынып оқушылары арасында «Физика ғажайыптары» атты авторлық үстел ойыны және басқа да ойын түрлері қолданылып, олардың оқу процесіне ықпалы анықталды. Экспериментке дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыру арқылы геймификацияның оқу мотивациясы мен үлгеріміне оң әсері расталды. Ойын элементтері арқылы оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық және топта жұмыс істеу қабілеттері дамып, пәнге деген қызығушылығы айтарлықтай артқаны байқалды. Мақалада геймификация құралдарын қолдану арқылы оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдету, дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және оқыту сапасын арттыру жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдар беріліп, сабақ құрылымында ойын әдістерін тиімді қолдану жолдары көрсетіледі. Бұл зерттеу физиканы оқытуда инновациялық әдістерді енгізудің маңыздылығын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері геймификацияның тек пәндік білімді ғана емес, сонымен қатар оқушының жеке тұлғалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытуда да маңызы зор екенін көрсетеді. Әсіресе, оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы мен ынтасын арттыруда ойын әдістері айтарлықтай рөл атқарады. Кілтті сөздер: геймификация, физика, мотивация, ойын, оқу жетістігі, әдістеме, құзыреттілік.</jats:p>

Show More

Keywords

және оқу ойын оқушылардың геймификацияның

Related Articles