Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық бірегейлік пен этикалық дилеммалар рухани мәдениет контексінде философиялық тұрғыда талданады. Зерттеу жазушы прозасын тарихи жады, моральдық таңдау және рухани жауапкершілік тоғысатын күрделі этикалық модель ретінде қарастырады. Мағауин шығармаларындағы кейіпкерлердің таңдауы дәстүр мен заман талабы, ар-ождан мен бейімделу, еркіндік пен жауапкершілік арасындағы қайшылықтар арқылы ашылады. Зерттеуде «Тазының өлімі» [1], «Көк мұнар» [2], «Бір атаның балалары» [3], «Сары қазақ» [4], «Мен» [5] шығармалары герменевтикалық және аксиологиялық әдістер негізінде талданып, ұлттық болмыстың көркем мәтінде қалай этикалық категорияға айналатыны айқындалады. Жазушының көркем әлемінде ұлттық бірегейлік дайын күйінде берілмей, жеке тұлғаның моральдық таңдауы мен рухани ұстанымы арқылы қалыптасатын құндылық ретінде сипатталады. Мақала нәтижелері Мұхтар Мағауин шығармашылығының қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс, тарихи жадының үзіліуі және мәдени сабақтастық мәселелерін түсіндірудегі философиялық әлеуетін айқындайды, сондай-ақ оның прозасының қазіргі гуманитарлық зерттеулер үшін маңызын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері халық білімін философиялық тұрғыда талдаудың әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазақ прозасындағы этикалық ойлаудың көркемдік формаларын анықтауға негіз болады.</jats:p>

Show More

Keywords

этикалық рухани Мағауин ұлттық философиялық

Related Articles

PORE

About

Connect