Abstract
<jats:p>Бұл мақалада риториканың ішкі құрылымын және білімнің басқа салаларымен байланысы сипатталған. Шешендіктің қоғамдағы маңыздылығы антика дәуірінен бастау алатындығы, Аристотельдің риториканы табиғаттың сыйы, дарын дегені жайлы және Платонның риторика жан дүниені сөзбен жаулап алу деген пайымдаулары негізге алынып, сарапталған. Сонымен қатар, риторикаға мәдени, тарихнамалық, тарихи-салыстырмалы және философиялық-антропологиялық көзқарастар оның ішкі өмірін көп өлшемді тұтастық, оның дамуы, қызметі ретінде ашатын мәселелер шеңберін қамтуға қатысты ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, атап айтқанда: Ж. Дәдебаев, Ж. Молдабеков, Р. М. Әбдіқұловалардың пікірін негізге ала отырып, Р. Сыздықованың ғылыми тұжырымы мен қазақ шешендерінің сөздеріне сілтеме берілген. Ғасырлар бойы біз риториканы классикалық - гуманитарлық пәндердің бірі ретінде қарастырып келгендігіміз, шешендік өнерді меңгеру адамды ақылмен, терең ойланып сөйлеуге бейімдейтіндігі және логиканың ұшқырлығын қалыптастыратындығы, шебер, орынды, сабырлы және сенімді сөйлеуге дағдыландыратындығы сараланған. Мәдени сөз сөйлеуде риторикаға жүгінудің маңыздылығы, сонымен бірге, қазіргі таңда да қажеттілігін жоғалтпағандығы пайымдалған. Зерттеу нәтижелерін риторика, сөйлеу пәндері, мәдениеттану, эстетика, әлемдік мәдениет тарихы, мәдениет теориясы мен философиясы бойынша курстарды оқуда қолдануға болады.</jats:p>