Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеуде қазақ жұмбақ айтысы мен түрік халқының муамма аталатын жанрының құрылымдық, мазмұндық және функционалдық ерекшеліктері салыстырмалы-тарихи, құрылымдық және мәтіндік талдау әдістері арқылы қарастырылды. Жұмбақ айтыс пен муамма түркі халықтарының дәстүрлі поэтикалық мәдениетінде ерекше орын алатын ауызша сөз өнерінің бір түрі болып табылады. Екі жанр да сұрақ-жауап түрінде құрылады, ой ұшқырлығын, логикалық тереңдікті және тыңдаушының білімін сынауға бағытталған. Жұмбақ айтыс қазақ ақындары арасындағы тапқырлық пен суырыпсалмалық өнерді сынаса, түрік муаммасы ашық әдеби дәстүрінде жұмбақтарды шешу арқылы даналықты көрсетуді мақсат етеді. Зерттеу барысында жұмбақ айтысы мен муамма дәстүрінің пайда болуы, дамуы және олардың поэтикалық құрылымы талданды. Айтыстың суырыпсалмалық сипаты, дидактикалық мазмұны және шешендік өнермен байланысы көрсетілді. Түрік ашықтарының муамма айту дәстүрі жұмбақ айтыспен салыстырылды. Екі жанрдың да сұрақ-жауап түрінде құрылатыны, олардың поэтикалық формасы мен мазмұны ұқсас болғанымен, мәдени-тарихи ерекшеліктеріне байланысты өзіндік айырмашылықтары бары анықталды. Зерттеу қазақ және түрік халықтарының әдеби-мәдени сабақтастығын зерделеуге, халық поэзиясындағы жұмбақ жанрының маңызын ашуға және оның тарихи негіздерін түсінуге мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

және жұмбақ муамма қазақ мен

Related Articles