Abstract
<jats:p>Мақалада қазақ тіліндегі «сөйлеу» етістіктерінің когнитивті-семантикалық табиғатын, тілдік жүйедегі орны мен мәдени-танымдық маңызын кешенді түрде талдауға арналған. Мақаланың негізгі мақсаты – сөйлеу етістіктерінің лексикалық, құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін анықтап, олардың лингвистикалық мәртебесін айқындау. Зерттеу барысында синхронды-сипаттамалық және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылып, байырғы түбір етістіктер көне түркі жазба мұраларымен сабақтастықта қарастырылады. Сонымен қатар сөйлеу етістіктерінің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттық дүниетаным мен мәдени кодтың маңызды көрсеткіші екені дәлелденеді. Жұмыста сөйлеу етістіктерінің лексикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдармен жасалуы, семантикалық өрісі мен мағыналық жіктелуі талданады, эмоционалды-экспрессивті реңкі басым етістіктер мен араб-парсы тілдерінен енген бірліктер сараланады. Зерттеу нәтижелері сөйлеу етістіктерінің прагматикалық қызметін, тілдесім үдерісіндегі рөлін және қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі орнын тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді. Алынған деректер когнитивтік лингвистика тұрғысынан талданып, сөйлеу әрекетінің ойлау, эмоция және әлеуметтік жағдаятпен байланысы ашылады. Мақала тұжырымдары қазақ тіл біліміндегі когнитивтік-семантикалық зерттеулерді кеңейтуге және болашақ қолданбалы ізденістерге теориялық негіз бола алады. Мақала қазіргі қазақ тіл біліміндегі когнитивтік-семантикалық зерттеулерді толықтыруға бағытталған.</jats:p>