Abstract
<jats:p>Мақалада тіл мен мәдениеттің өзара сабақтастығы лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан қарастырылады. Тілдің тек қатысымдық құрал ғана емес, ұлттық дүниетанымды, тарихи жадты, рухани және мәдени құндылықтарды сақтайтын әрі ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін әлеуметтік-мәдени феномен ретіндегі қызметі айқындалады. Зерттеуде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, тіл мен мәдениет байланысын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері жүйеленеді. Лингвомәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуына қатысты негізгі ғылыми тұжырымдамаларға шолу жасалып, лингвомәдениеттанымдық бірліктердің мәні, семантикалық құрылымы және мәдени ақпаратты жеткізудегі рөлі талданады. Мақаланың негізгі өзегі ұлттық-мәдени мазмұнға ие тілдік бірліктердің типологиясын айқындауға бағытталады. Зерттеушілер ұсынған жіктеулер салыстырмалы түрде талданып, олардың ортақ және ерекшелік белгілері жүйелі түрде сараланады. Соның нәтижесінде лингвомәдениеттанымдық бірліктердің түрлері ғылыми тұрғыда сипатталады. Аталған тілдік бірліктердің ұлттық мәдени кодты танып-білудегі маңызы негізделеді. Зерттеу нәтижелері тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығын тереңірек түсінуге, ұлттық дүниетанымды тілдік деректер арқылы көрсетуге және лингвомәдениеттанудың теориялық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мақала материалдары лингвомәдениеттану, мәдениетаралық коммуникация және тіл оқыту теориясының өзекті мәселелерін зерттеуде ғылыми-тәжірибелік мәнге ие болып, тілдік бірліктердің мәдени және танымдық рөлін жан-жақты ашуға септігін тигізеді.</jats:p>