Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада белгілі қазақтың ақыны, ойшылы, фольклортанушысы, шығыстанушысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы көркемдеуіш құралдардың бірі – эпитет қарастырылды. Бұл мақалада Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы «ақ», «алтын», «асыл», «қара» ұғымдарының (эпитеттердің) қолданылуына көңіл бөлінген. Сонымен қоса өз заманына дейін және қатарлас өмір сүрген ақындар мен ғалымдардың т. б. шығармаларында осы ұғымдардың (эпитеттердің) қолданылуы салыстыра зерттелді. Атап айтқанда: Жүсіп Баласағұн, Шалкиіз, Доспамбет, Бұқар, Үмбетей, Шал, Махамбет, Абай, Ғабдолла Тоқай т. б. Белгілі бір баламаны пайдалануда әр ақынның, соның ішінде Мәшһүр Жүсіптің әрі дәстүр тағылымын, әрі өзіндік ізденісті шебер ұштастырып отырғанын көреміз. Мұндай үндестік, сабақтастық тек көркем әдебиеттің ажарлау құралдарынан ғана емес, сонымен байланысты тұспалдау үлгілерінен де көрінуі – бәрі кез келген ұлт әдебиетін басқа да әдебиеттермен байланыстырумен және белгілі бір ақын шығармашылығын жеке қарастырумен шектелмей, оның өзіне дейінгілер және өз тұстастары дәстүрімен белгілі бір үндестікте, сабақтастықта болғанына зер салып отыру керектігін айқындата түседі. Көркем әдебиеттің ажарлау құралдарын қолдану аясындағы ақын стилін, стиль танытудағы бейнелілік мәнін көрсетеді.</jats:p>

Show More

Keywords

белгілі Мәшһүр Жүсіп және бір

Related Articles

PORE

About

Connect