Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада жазушы М. Мағауиннің «Мен» мемуарлық романы халықтық мұра мен заманауи мемуарлық баяндаудың тоғысында қарастырылып сипатталады. Аталған шығармадағы автор бейнесінің жеке жолы ғана емес, ұлт рухының архетиптері, тарихи жадының поэтикасы сипатталады. Мағауиннің ғалым ретіндегі тәжірибесі оның прозалық баяндауына мықтап енгені мысалдар арқылы нақтыланады. Мемуарлық романды тек автобиографиялық мәтін емес, әдеби дискурс пен көркем нарративтің синтезі ретінде қарастыру қажеттігі айқындалады. М. Мағауиннің «Мен» роман-хамсасы қазақ әдебиетіндегі мемуарлық -ғұмырбаяндық прозаның ең үздік үлгілерінің бірі ретінде ұлттық тарихпен, мәдениетпен автордың ішкі сұхбатын бейнелейді. Романның басты ерекшелігі – диалогтық формада жазылып, эпикалық мұраның мемуар жанрындағы жаңа көркемдік-танымдық қызметін көрсетуі. Шығарма ХХ ғасырдың ортасынан Қазақстан тәуелсіздігіне дейінгі тарихи кезеңдерді қамти отырып, автордың жеке өмірі мен шығармашылық жолы арқылы әдеби және тарихи кезеңдерді көркемдік тұрғыдан жинақтайды. Туынды авторлық рефлексия мен ішкі пікірталас арқылы терең философиялық сипатқа ие. Романда кейіпкердің (Мұхтардың) тұлғалық, зияткерлік және рухани қалыптасу жолы ғылымға, әдебиетке деген құштарлығы мен ұлттық мүдде жолындағы күресі аясында бейнеленеді.</jats:p>

Show More

Keywords

мен Мағауиннің мемуарлық жолы тарихи

Related Articles

PORE

About

Connect