Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада шынайы өмірден тыс өзге әлемде, яғни адам санасында орын алатын оқиғалардың қазақ әңгімелеріндегі көрінісі сөз болады. Жалпы қазақ ұғымында ежелден бар, онейрикалық кеңістіктің шынайы өмірге ықпалы жайында көне аңыздар мен ауыз әдебиетінің үлгілерінен көптеп кездестіре аламыз. Себебі бұл бейсананың қазақ танымы үшін орны бөлек. Халқымыз ежелден ата-баба әруағына сыйыну немесе табиғаттағы өзге жаратылыс иелерінің киесі бар, оларға құрметпен қарау керектігі жайында түсінік қалыптастырған. Бұл таным ұрпақ тәрбиелеуде және қоршаған ортадағы тепе-теңдікті сақтаудағы орны ерекше болған. Жалпы мистика арқылы берілген образдар мен кеңістіктер кейіпкерлердің ішкі жан әлемін бейнелеп қана қоймай, адам мен табиғат, өмір мен өлім, ақиқат пен қиял арасындағы шекараларды бейнелі түрде суреттейді. Зерттеу барысында онейрикалық кеңістік, түс көру, рухтармен тілдесу, ғайыптан пайда болу, уақыт пен кеңістіктегі ауытқулар секілді көріністерге талдау жасалып, олардың әдеби функциясы анықталады. Сонымен қатар оның халық мифологиясымен сабақтастығы, дәстүр мен сенімнің байланысы, ежелгі халық танымындағы ырым-тиымдардың жайдан-жай айтылмағандын дәйектеу үшін мистикалық бағыттағы шығармалардың сюжеттерінен мысалдар келтіріліп талданады.</jats:p>

Show More

Keywords

мен қазақ шынайы өзге адам

Related Articles