Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Этикет – адамның қоғамдағы мінез-құлқы мен әдебін, тілдік ережелерді ұстануын білдіреді және оның көрінісі адамның сыртқы сипатында белсенді түрде байқалады. Демек, этикеттік бірліктер әр ұлтта әртүрлі формада көрінеді және сол ұлттың дүниетанымы мен мәдениетінде, әдет-ғұрпында, салт-санасында, танымында орын алады. Зерттеу жұмысының мақсаты – ағылшын және қазақ тілдеріндегі ауызекі сөйлеудегі этикеттік бірліктердің лингвомәдени көрсеткіштерін анықтау. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін екі тілдегі ауызекі сөйлеу үлгілеріндегі амандасу, қоштасу, көңіл айту, өкініш, құттықтау т.б. түрлі сезім-күйлері мен эмоцияларды танытатын этикеттік бірліктерді жіктеу міндеті жүзеге асырылып, нақты мысалдармен жүйеленді. Оларды талдау, жинақтау, бақылау, лексикалық анализ жасау әдістері қолданылды. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі ауызекі сөйлеудегі этикеттік бірліктердің лингвомәдени көрсеткіштерін анықтау жұмысы барысында мәдениетаралық қатысым белгілері айқындалып, қазіргі қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеуде ағылшын тілінен енген этикеттік бірліктердің қолданылу сипаты түсіндірілді. Екі тілдегі ауызекі сөйлеудегі этикеттік бірліктердің жасалуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар мәселесі тұжырымдалды. Талдау жұмысының нәтижесінде тақырып аясындағы теориялық тұжырымдар қалыптасып, зерттеу жұмысының практикалық маңызы айқындалды. Бұл – жұмыстың теориялық және практикалық мәнін түсіндіреді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде ағылшын және қазақ тілдеріндегі ауызекі сөйлеудегі этикеттік бірліктердің лингвомәдени көрсеткіштері этникалық ерекшеліктер мен танымдық әдеттер, мінез-құлық айшықтары негізінде сараланып, формасы мен қолданылу орнына сай жіктелді.</jats:p>

Show More

Keywords

этикеттік мен және ауызекі бірліктердің

Related Articles

PORE

About

Connect